Сағым қуған

Бұл бетте «Сағым қуған» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2810
Сағыныштың соңында шаңым қалған,
Шаң қалдырмай қойсын ба арынды арман.
Жанарымның алдында сағым қалған,
Сағынғаннан бәрі де,
Сағынғаннан.
Жүргеннен бе ән-шағым сағындырып,
Жүргеннен бе аңсарым сабылдырып—
Қара көздің моншағын тағып жүріп,
Қара түнде шаршадым сағым қуып...
Айналаны өрт қамап, жалын бөлеп,
Сыр ашысқан Алматы таңында көп—
Бір әдемі жан бар ед,
Соны ойласам
Шошып кетем, сол қыз да сағым ба деп?..
Мен—молдадай оқыған бұзып аят,
Мысық-сопы қарайды жүзіме аяп.
Сол сағымды—жар кешіп жазда қудым,
Қыста қудым—қар кешіп қызып аяқ.
Жұтқыза алмай маңыма кәусарымнан,
Бұлбұлдаймын мен кейде бау сағынған.
Енді жете бергенде Арманыма,
Сусып кете барады саусағымнан.
Баянсызын ұқтырып жалған мынау,
Сағыныш деп, сағым деп... алдандым-ау.
Сағым қуып жүрмін мен әлі күнге —
Сәби болып мәңгілік қалғанмын-ау


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағым қуған өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Сағым қуған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағым қуған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағым қуған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері