Меруерт моншақ – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Меруерт моншақ» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 6097
Сағыныштан,
Алып ұшқан,
Қоңыр қаздай арман­ай!
Көл таба алмай,
Жерге қонбай,
Қанатының талғаны­ай!

Қайырмасы:
Оу, арман­ай,
Беу, жалған­ай.
Шіркін, сол шақ,
Меруерт моншақ,
Қара көзден тамғаны­ай!

Қайғың үдеп,
Жаның жүдеп,
Жүрек оттай жанғаны­ай!
Аңсағанда,
Шаршағанда,
Зарықтырған жалған­ай!

Қайырмасы.

Дауыл соғып,
Бауыр тоңып,
Сергелдеңге салғаны­ай!
Мөлдір жырдың,
Сол ғұмырдың
Көңілімде қалғаны­ай!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері