Ақ көбелек – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ақ көбелек» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 1
  • 1871
Қағасың қанатыңды, қалықтайсың,
Қонасың гүлден­-гүлге, жалықпайсың, ақ көбелек.
Жанары жарқылдаған жарқын жаздың,
Жалт етіп алдайтынын неге ұқпайсың, ақ көбелек?!

Қайырмасы:
Ақ көбелек,
Ақ көбелек,
Жете алмасаң күндерге –
Өтінемін,
Өкпелеме,
Кінәсі жоқ гүлдерге, ақ көбелек-ай!

Қарсы алып қызыл-жасыл жаз қонағын,
Қосылып мен де өзіңе мәз боламын, ақ көбелек.
Өмірге сендей ғашық бар ма, шіркін,
Гүлдерге еркелеген аз ғана күн, ақ көбелек!

Қайырмасы.


Пікірлер (1)

Дико

Несіпбек Айтұлы «Ақ көбелек» — табиғаттың көркем бейнесін шынайы сезіммен жеткізген нәзік поэзия. Ақын құстар мен гүл арасындағы нәзік көбелектің жаймақтай ұшуын тіл мен жүрек жібіне байлап суреттеген, өлеңнің әр тармағы жүрекке жылу беріп, оқырманды жақсылық пен сұлулық әлеміне жетелейді.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері