Өлең, жыр, ақындар

Қысым, қысым, қысымдар...

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 826
Ісім қанадай, білмеймін түсім қандай,
Кең дүниеде күй кешем қысылғандай.
Алқынамын, тұншығып дем ала алмай,
Буып тұрған ауаны қысым бардай.
Айналаны аптаған қысым көрем,
Жүрек көнбей, қысымға дүсірлеген.
Өмір сүріп үстінде бір кеменің,
Адамды-адам азап-ау түсінбеген.
Жан біткенге жердегі сыр алдырмай,
Құдайлығын танытып тұрар «құдай».
Қас-қағымдай өмірді көкпар етіп,
Біреу олай тартады, біреу бұлай.
Арман болған айналып тиынға жыр,
Жер мен көктің арасы құйын-дауыл.
Махаббатсыз уақытта майдандасқан,
Қысым жүріп жатқандай миымда бір...
Белшесінен байлыққа батып «пысық»,
Сайрандайды, жол тауып, бақыт құшып.
Жүрегімді барады кеудем қысып,
Кеудемді езіп барады, уақыт қысып.
Қандай күйде, білмеймін, мына ғалам,
Жауап таппай, жабықтым ғұламадан.
Шұрқ-тесік адамның ет жүрегі,
Қысымына заманның шыдамаған.
Кімдер, кімнің көз жасын өткел етер,
Уақыт солай, жылатар, өкпелетер.
Бірін-бірі сиғызбай мына өмірге,
Таласумен тіршілік өткен, өтер!
Бәрін-бәрін уақыт өтеді елеп,
(Заманды адам қолынан жетелемек)
Қысымдардан қорқамын, дүниенің –
Бір жүрегі жарылып кете ме деп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оңаша ойға қалдым

  • 0
  • 0

Оңаша ойға қалдым,
Сабырды қайдан алдым?
Көзіңді көремін деп,
Сен барған «тойға» бардым.

Толық

Біреу олай, біреу бұлай мақтанар

  • 0
  • 0

Біреу олай, біреу бұлай мақтанар,
Әркім, рас, әр жолменен бақ табар.
Дұрыс деймін құпиясын біліп бір,
Оның бәрі есте қайтіп сақталар...

Толық

Көрген түстей неге бәрі тез өтті

  • 0
  • 0

Көрген түстей неге бәрі тез өтті,
Өкінішім өртейді енді өзекті.
Жолыққанда, жылтыр-жеңіл сөзге емес,
Көзімізге берейікші кезекті...

Толық