Ұмытпайды уақыт, ештеңені – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ұмытпайды уақыт, ештеңені» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 895
Ұмытпайды уақыт, ештеңені,
Есімізде, ақынның есті өлеңі.
Сирек соғар жыл құсы бақыт деген,
Біреуге ерте, біреуге кеш келеді.
Даңқ, дақпырт жаулаған бар санасын,
Танытуға өзіңді жар саласың.
Тағдыр сенен нені алып, не берсе де,
Қарсылықсыз бәрін де қарсы аласың.
Қуанасың, күрсініп, ән саласың,
Байыптайсың, тамшымен, тамшы арасын.
Сырт айналып кетесің бәрінен де
Аңсауменен күтуден шаршағасың.
Төзіміңді уақыттар сынайды анық,
Таусыласың, бір жазып, мың ойланып.
Керек болмай қусаң да, кетпес сенен –
Бақыт құсы басыңнан шыр айналып.
Түске еніп арманың өңіңдегі,
Орындалар мақсатың өмірдегі.
Сирек соғар көңілдің әлдиіндей
Аймалайды көктемнің қоңыр желі.
Біреу өзін тау санап сестенеді,
Біреулерді біреулер ес көреді.
Ертелі-кеш түбінде есіне алар,
Ұмытпайды уақыт ештеңені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері