Ырыққа көнбейді – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Ырыққа көнбейді» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 664
Ырыққа көнбейді:
Теперіш тірлікте көп мүлдем.
Қасірет меңдейді,
Жүнжідім, ынжық боп кеттім мен.
Пұшайман ғұмырдан,
Жалықтым, қаңғырып өлем бе?
Қайнайды зығырдан,
Мұңымды шағамын өлеңге.
Келмейді ыңғайым,
Сабылдым, тентіреп сенделдім.
Тең болды жылға – айым,
Сезімді өлтіріп көмгенмін.
Томармын тамырсыз,
Келешек күндерге бал аштым.
Пендемін қадірсіз,
Мұңы бар кеудемде алаштың.
Нетемін?.. Жалықтым,
Алдымда асусыз адыр бар.
Тағдыры халықтың,
Белгісіз ... шағылдар ... қабір бар ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері