Өлең, жыр, ақындар

Үп етті самал

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 883
Үп етті самал.
Дірілдеп,
қауызда қалды тамшы-мұң.
Таң атты бүгін сібірлеп,
Жайып сап жұртқа жан сырын.
Бұлақтар ақты бұлқынып,
Тағынып моншақ лағылдан.
Көк аспан жүзі тым тұнық,
Сұлулық мынау нағылған?
Ақ қайың жайып желегін,
Сыбдырға көшті желменен.
Ұлғайтты көл де көлемін,
Асқақтап тау да көлбеген.
Сайрады бұлбұл тамбастан,
Бозторғай басты шырылға.
Көркейді өмір – мән қашқан,
Әр кірді кенет ғұмырға.
Әйтеуір мынау ерек күн,
Еріксіз мені
Елітті.
Сәмбісі сұлу теректің,
Шерімді шайқап, кемітті.
Көзінен күннің тамған нұр –
Шаттықты саған паш еткен.
Әрқашан мені таңдандыр,
Сезімнің құлпын аш еппен.
Сендік күн бүгін, шырайлым,
Мамыра-жай ғой ұйыған.
Тәңірден бақыт сұраймын,
Жанымда жүрсең...
Сый – ұғам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көру ғана көзіңді көксегенім

  • 0
  • 1

Көру ғана көзіңді көксегенім,
Сен – қиырда, мен – зеңгір көкшедемін.
Жүрегіміз бірақ та бір соғады,
Ебі жел кеп бетімнен өпсе менің.

Толық

Сағыныш шілдесі

  • 0
  • 0

Жаным менің жырым-жырым,
Жақыбай,
Кешіп келем,
Көр-жеріңді тат, лай.

Толық

Сағабүйен

  • 0
  • 0

Бір саласы Ақсудың Сағабүйен,
Иілмеген басымды саған ием.
Ілиястай ағамды есіме алып,
Жапа-жалғыз мен тұрмын жағада иен.

Толық

Қарап көріңіз