Аяздан жылы үйге кіргендей – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Аяздан жылы үйге кіргендей» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 838
Аяздан жылы үйге кіргендей
Жылы еді жымиып қарауың.
Жасырын жан сырын білгендей,
Ұққандай жүректің қалауын.
Сыбырлап лып етті суық ой...
Күрмелді ә деуге тіл келмей...
Ыстық леп суынып, тұнып бой,
Шым батты жылынып үлгермей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері