Жаңғырық сен де – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жаңғырық сен де» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 628
Жаңғырық сен де,
Найзағай сынды бір сәттік ғұмыр кешесің,
Елеңдеп қалар дегенмен бірақ, неше шың.
Тастарды жанап, шатқалға оқыс соғылып,
Көшесің ...
Біртіндеп барып, өшесің ...
Өшесің –
мәңгілік өліп кетесің,
Мөлшерлеп таудың жетесін.
Жалғанға мынау жағыпар,
Айтасың білем, кекесін.
Алмасқа сені теңедім,
Қапыдан ұрар тегі өлім.
Тауларды небір дүрліткен,
Жаңғырық болсам деп едім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері