Сен менің аққумсың – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Сен менің аққумсың» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 758
Сен менің аққумсың
Ынтығымсың,
Алдыға қанат жайып ұмтыл, ұмсын.
Аққуға оқ атпайды,
Сонда да әңгі,
Кезеніп тұрған шығар мылтығын шын.
Сала бер сайраныңды «Сыбырлағым»,
Жаныма таяп келіп, бұрылмадың.
Айдында қалықтаған ақ періштем,
Көрем де ...
ұғынамын ғұмыр мәнін.
Сүдінің көзді алады қарықтырып,
Жайыңды қайтсам деймін
барып, біліп.
Сезімім өлтірмейді сарайдағы,
Түнекті жібереді жарық қылып.
Сен неткен керім едің, келісті едің?
Жанымның ой-шұқырын тегістедің.
Өзіңді көре алмасам тұра алмаймын,
Болардай дәл осылай не істедің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері