Өлең, жыр, ақындар

Ісім жалған, болып жүр түсім жалған

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 688
Ісім жалған, болып жүр түсім жалған,
Кешкі күндей өртейді-ау ішімді арман.
Өлетұғын түрім бар, өмірдегі –
Құрсап тұрған қысылып қысымдардан...
Сөздер, көздер миымды құрсаулаған,
(Ақыл айтып, балам да ұрсар, маған)
Қысымынан қысымның ауырмаған,
Жер бетінен таппадым бір сау адам.
Әр кеудеде бір бас бар, жорып, сынар,
(Басыңды ұрған уақыттай көрікші бар)
Баба-жүрек қысылып, жер астынан –
Жер бетіне шыққандай, болып шынар.
«Қысылма» деп тұрғандай бабам маған,
Кең даладан кеңдікті таба алмаған.
Жер бетіне осынау сыйыса алмай –
Ығыстырып, қысады адамды адам.
Өсетін ұл, алдымен елді ұқпай ма,
Көрсетпейік күнменен ерлікті айға.
Айтшы, маған тарылған адам-әлем,
Кең даладай бір кезгі кеңдік қайда?
Азып-тозып, жол жүріп келдік қайда?...
Тас бетіне жас болып тамды сырым,
Қабылдамай келер күн қарғыс үнін.
Кім реттеп, жаны ашып, кім өлшейді,
Қайшыласқан уақыттың қан қысымын.
Көтерілген уақыттың қан қысымын?...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсамайды әзілқой жездеге өмір

  • 0
  • 0

Ұқсамайды әзілқой жездеге өмір,
Көп екен ғой сезгеннен сезбегерім.
Біртін-біртін жүректен отыңды ұрлап,
Істейді екен уақыт өз дегенін.

Толық

Сыртта нең бар?

  • 0
  • 0

Сыртта нең бар?
Тұғырға қон, жүрегім,
(Елегзідің, несіне елжіредің?)
Күткендей боп біреуді әлсін-әлсін,

Толық

Отаным

  • 0
  • 0

Айқай сап осынау ғаламға,
Өзім боп өзіңе қол жайғам.
Өзің боп тіл қатып анам да,
Өзің боп сипаған маңдайдан.

Толық