Тұрмыс құрсаң – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Тұрмыс құрсаң» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2851
Тұрмыс құрсаң,
Көшесің түрлі бейнет,
Жүрмей тұрсаң,
Өшесің күлдей күйреп.
Тұрады өмір,
Қайғыдан, қуаныштан
Қара түн, әкеледі-Күнді сүйреп.
Жасасаң, бір жақсылық,
Он боп келер,
Ойласаң, бір жамандық,
Сор боп төнер.
Адамның қуанышы Адамменен
Пейілін-
Жаратқан да таңдап берер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері