Күлкі - сергек көңілдің Көзі деймін – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Күлкі - сергек көңілдің Көзі деймін» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2253
Күлкі - сергек көңілдің Көзі деймін,
Дертке дауа, өзімді есіркеймін.
Шипа аурудың күзетсе, босағасын
Бұл ажал қайдан келед-түсінбеймін?
Мұң жасырап,
Қайғыны жолатпайды,
Ал, Дүние тіршілік әрі аттайды.
Ықылым замандардан-қалған бейнет,
Аза желсіз,
Шығыстан таң атпайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері