Жан жарым – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жан жарым» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 3306
Сертіңнен айнымастан,
Сыңарым Тәңір қосқан.
Аққудай таранасың,
Айдынға бауыр басқан.
Жүзіңді мұң шалмасын, айқабағым,
Қасыңда көбелектей айналамын,
Келеді сәт сайын аймалағым!

Қайырмасы:
Лебізің інжу-маржан,
Ақ гүлім бүршік жарған,
Арайлы көктем таңында.
Үлбіреп сен тұрасың,
Күн сайын құлпырасың,
Жанымның жасыл бағында.
Қарашығым – сен,
Жанашырым – сен!
Асыл ардағым,
Ана тілім – сен!

Тірегім босағамда,
Арқауым босағанда.
Өзіңді маған қосқан,
Ризамын жасағанға!
Жан жарым, жаз көңілім, күн шуағым,
Мәңгілік махаббатқа құлшынамын,
Қасымда сен аман жүрші, жаным!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері