Өлең, жыр, ақындар

Қылтың-сылтың

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2699
Жорыққа шықса жолда қалады,
Жолда қалмаса сонда қалады.
Болпаң жүріс, борсаң келеді,
Мінезі томырық, торсаң келеді.
Аяғын көтерсе ырсылдай қалады,
Үрленген местей тырсылдай қалады,
Ол қадам басса өкпесі қысылады,
Он метр жүрсе өкшесін ұшырады.
Денесі шикі болбыр келеді,
Иіні салыңқы солбыр келеді,
Жаз күні киіп, қысқымен келеді.
Коньки кисе қулап жатады.
Лажымен жүрсе сулап жатады,
Аяқтың орнына басы кетеді,
Он жасар бала басып өтеді.
Мылтық атса көзін жұмады,
Атпастан бұрын өзі бұғады,
Тарс ете қалса, селк ете қалады...
Сөйлесе сөзге сумаң келеді,
Мінезі дөкір, будан келеді.
Сөзінің басы "мен " деп келеді,
Шатақты шөпше теңдеп келеді.
Сыпайы, сырғақ, сылтың келеді,
Ауырлау іске жылтың келеді.
Мұндай қылықтан аулақ болыңдар,
Аулақ қана емес, аулақ қоныңдар!
Денеміз таза ширақ болайық,
Етек, жеңіміз жинақ болайық.
Жорыққа шықсақ жортып кетейік,
Ортекедей орғып кетейік,
Конькиге мінсек зырғып кетейік.
Сырғығанда да сынаптай ағайық,
Таудан төмен бұлақтай ағайық,
Жатып атайық, тұрып атайық,
Мойнымызды бұрып атайық.
Тарс ете қалса, жалп ете қалсын,
Ә десе мә дер, ұршықтай болайық,
Шынайы шымыр, бұлшықтай болайық,
Жауға атсақ бекер оқ кетпес болсын,
Жау атса, бізге оқ өтпес болсын.
Шыныққан болат құрыштай болайық,
Өткір алмас қылыштай болайық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Честное слово

  • 0
  • 0

Бетіңе қарай, күлімдей келеді,
Күле қарасаң, күлімдей береді,
Майпаздап жүріп, мәпелеп сөйлеп,
Жыландай жылжып, білінбей келеді.

Толық

Мысық пен төбет

  • 1
  • 0

Мысыққа қара төбет бұрынғыдай
Арс етпей жылы жүзбен бұрылды жай:
— Кел, достым, қас болмайық, дос болайық,
Сырласып іс істейік досқа лайық,

Толық

Жиналыстан кім қалыс

  • 0
  • 0

Абыл - құбыл Асанов келді,
Жиналыс бітуге тақалып келді.
Сырттың қызуы ма,
Іштің қызуы ма?

Толық

Қарап көріңіз