Өлең, жыр, ақындар

"Қыл көпір" аузында

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2701
Қызыл қасқа ту сиыр,
Өкіреді алақтап,
Жан-жағынан тұр бүгін,
Жеті пышақ жалақтап.
Қолын жайып молда тұр,
Тұяқбаев Жәнетке:
"Қабыл болсын құрбаның,
Жайың болсын жәнетте ",
Дегенде оның аузынан:
Шығып кетті "ылаһым ".
— Сіздерге де иманды,
Берсін, — деді, — құдайым.
Жеті жақтан жеті шал,
Ұстап сиыр құйрығын,
"Қыл көпірдің аузында ",
Күтіп құдай бұйрығын.
Салбырайды бастары,
Құлап жатыр құманы.
Завсклад гортопта,
Тұяқбайдың Жұманы.
Ол да келіп қол жайды,
"Қабыл болсын, тілек " — деп,
"Көптен бері көре алмай,
Молдекеңді жүр ек деп".
Молда көзін жұмады:
"Алдыңда, деп қиын күн!"
Елестеп көзге терісі —
Қызыл қасқа сиырдың...
Молдекеңе тым жақсы,
"Иіс-қоңыс " тағы бар.
Айтта құран оқытқыш,
Тағы біреу табылар...
Ықылайды есегін,
Шұқылайды иығын.
Жан-жағына жіберіп,
Көздің арам қиығын.
Қарызданып Жәнет тұр,
"Кірісемін шекке " деп.
Кердеңдейді молдекең,
Ет, теріні текке жеп.
Жоққа сенгіш, "құдайшыл"
Алдаушының құрбаны,
Арамызда бар әлі,
Құрбан болған құр малы...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бет пен ет

  • 0
  • 0

Кетеді есің шығып ет жегенде,
Дәл мұндай болмас едің ептегенде,
Аузыңнан ағып төмен майың жатыр,
Осы етті ауыз жемей, бет жеген бе?

Толық

Ол чепуха — түк те емес

  • 0
  • 0

Құлеке колхоз бастығы,
Дей алмас ешкім құнтты емес,
Болып жүр бітік астығы,
Жүз мыңдап жұмсау түк те емес.

Толық

Бидай мен қаңбақ

  • 0
  • 16

Өзі қаңбақ болсын,
Онда қайдан салмақ болсын,
Тұрақтай алмай тегістікке,
Тірелді бір күн егістікке.

Толық