Ол чепуха — түк те емес

Бұл бетте «Ол чепуха — түк те емес» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1864
I
Құлеке колхоз бастығы,
Дей алмас ешкім құнтты емес,
Болып жүр бітік астығы,
Жүз мыңдап жұмсау түк те емес.
Шалқыған бай, дәулетті,
Шалағай шатты-бұтты емес,
Салдырды арқа сәулетті,
Отыз мың оған түк те емес.
Қырық мыңға мебель алдырды,
Қызыл емен - тұт та емес,
Люстра шам да жандырды,
Ондайлар оған түк те емес.
Сырлы бояу сан түрлі,
Көгілдір, шылғи көк те емес,
Боп шықты кеңсе айтулы,
Қолға алса бастық түк те емес.
"Ерунда " дейді лепіріп,
Шаң-тозаң ешкім жұт демес,
Байлықпен мұнша отырып,
Игі іске жұмсау түк те емес.
Айырбас болды көк сиыр,
Сылтауы болды: "сүтті емес!",
"Өзі өлген ", мал да көп биыл,
Актілей салу түк те емес.
Ту бие болса оны да,
"Құрту жөн, дейді құтты емес ".
Тай тұрса болды орнына,
Ат болу тайга түк те емес.
Жарты вагон биыл да,
Арақты қылғып жұтты өңеш.
Ондайлар оған бұйым ба,
Жұмырына жұқ та емес.

II
Табыс бар — талан-таражда,
Өзінде... басқа жұртта емес,
Машина қалды гаражда,
Списать ету түк те емес.
Көрмеге барды көпіртті,
Кім жанын онда күйттемес,
Шампанды көкке секіртті,
Байлық бар, он мың түк те емес.
Үй тола кілем жинаулы,
Екеуі ғана түкті емес.
Білгенге дүние жинауды,
Есебін тапса түк те емес.
Қазы мен жая, қартаға,
Қайқия толса көк тегеш,
Көк ала қағаз қалтаға,
Қалыңдай түсу түк те емес.
Мал қора, қыста жем-шөпке,
Даярлық биыл мықты емес.
Даурыға сөйлеп активте,
Ұмыту шыға, түк те емес.
Көктемде көшер жайлауға,
Көлігі семіз, күйтті емес.
Уақыт жоқ оны ойлауға,
Ол чепуха — түк те емес.
Құлеке қудың құлқының,
Кімге айтсаң да "құп" демес,
Ескінің сарқыт, қиқымын
Аластай салса түк те емес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ол чепуха — түк те емес өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Ол чепуха — түк те емес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ол чепуха — түк те емес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ол чепуха — түк те емес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері