Өлең, жыр, ақындар

Ұландағы ұласқан той

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1439
Қаламымның қадамы ұзын
Шолды тағы Ұланды бір.
Өткен жылы айтылып еді,
Болмаса да ұнамды жыр.
Сонда атақты бір "серіміз"
Елеукеннің Рүстемі еді.
Онда Рүстем үйленудің
Науқанына кіріскен еді.
Айына бір ару құшып,
Күніне бір сұлу сүйіп,
Той мен топыр ұласып еді.
Бет ашылып, неке қиып...
Қайнап қазан, қойдың басы
Қос - қосынан кесіліп еді.
Қос әйелді алушылар
Еркімен бір көсіліп еді.
Сол Рүстем, әлі Рүстем —
"Ақ жұмыртқа, сары уыздай ".
Байсағатов басып қойып,
Отыр тойдың сәнін бұзбай.
Аудандағы потребсоюз
Рүстемнің қолында жүр.
Төрт жүз мың сом талан-тараж
Ақшасы еріп соңында жүр.
Рүстемнің айналасы
Ылғи обыр, жебір өңеш.
Бірі қашып, бірі келіп
Ұлғаймаса кемір емес.
Селмұрзаев Харон дейтін
Болды қорқау бухгалтері,
Тас берсең де жұтып салып,
Жүре береді аман, тірі...
Кассиршасы Русина
Екі ұрлыққа дыңдай серік.
Ақша ұрлық та, басқа ұрлық та...
Орайға жүр бірдей келіп.
Баз бастығы Галиева,
Сүйген сұлу Зинасы бар,
Зат тасығыш екі ортада,
Сембаевтай қимасы бар.
Төрт өңештің ортасында
Елеукеннің Рүстемі
Қырық бес мыңды бір қылғыды...
Білмей емес, біле істеді.
Бұл олардың бісмілдәсі,
Ағузы әлі айтылған жоқ.
Үш мың шырпы екі шайнап
Бір қылғудан артылған жоқ.
Өскеменнің базарына,
Келіп бұлар құсып жатыр.
Әр данасы үш сомнан боп
Шырпы тулап түсіп жатыр...
Сатып жатыр, қалта ақшаға —
Қабат-қабат батып жатыр.
Бөтелкелер шыдай алмай,
Арақтарын атып жатыр.
Елеукенов ыңыранып,
Ортасында шіренеді.
Екі шынтақ екі әйелге,
Жазса барып тіреледі.
Бір жағында Ғазизасы,
Бір жағында Әлима аты.
Зина бұртаң қағып қойса:
— "Тыныш отыр, қағынбашы!..
Дейді даусын гүрілдетіп,
Бірге лықсып кекірігі.
Шошаңдайды онда онысы,
Ұқсаң қырдың кекілігі.
Рүстемнің толып жатыр
Қайын жұрты, балдыздары.
Хасенова Күлтай тағы,
Тағы, тағы бар қыздары...
Елеукенов еркектерден
Магазинге Дәуденді алды.
Ішті, жеді, сүйек-саяқ
Сарқыт қана "Дәуден " қалды.
Тағы біреу таныс болды,
Фамилиясы Райымбек:
— "Болса рұқсат сельпоға,
Рүстем әке, тұрайын ", — деп.
Жылпыңдығы ұнап кетіп
Сельпоға оны жайластырды.
81 мың сомды қылғып,
Бес жылға... ол да айдап тұрды.
Шырпы жеді, ақша жұтты,
Асайын деп шайды да бір...
Алпыс кило шайды асады,
Қарсы алдына қойды да бұл,
Түйілген жоқ, жылжып кетті
Рүстемнің өңешіне.
Жұмсақ майлы асбасшының
Ұқсап піскен көмешіне.
Рүстемнен столовой
Қаға беріс, құр қалмады.
Сқақовпен қоса тартып
Он төрт мыңды бір жалмады...
Жалмап жатыр, қылғып жатыр...
Тау-тау қылмыс түсіп жатыр.
Елеукеннің Рүстемі
Есі шығып, есіріп жүр.
Сельполардың қалтасының
Түбі шұрқ-шұрқ тесіліп жүр...
Сельпо менен магазинге
Улы тырнақ уын жайды.
Неге мұндай алаяқтар,
Сауда орнынан қуылмайды?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Байланысшылардың құлағына "күміс сырға"

  • 0
  • 0

Әлде біреумен танысқың келсе,
Сөзбен біреуді шанышқың келсе,
Эфир үстінде сөгіс есітіп,
Көрмей - білмей алысқың келсе:

Толық

Айтуған кім

  • 0
  • 0

Сақалды қырып, мұртын қойсаң
Жаңалықтың жолын қуған,
Жарамды-ақ туған Айтуған,
Дейтін менің танысым бар,

Толық

Тоқылдақ пен тиін

  • 0
  • 0

Тоқылдақ дейтін құс бар,
Жаз бар, қыс бар,
Бір күн тыным таппайды.
Түнде де жатпайды,

Толық

Қарап көріңіз