Жүрегімді нұрға бөлеп, толқыттың-ау сен – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Жүрегімді нұрға бөлеп, толқыттың-ау сен» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1084
Жүрегімді нұрға бөлеп, толқыттың-ау сен,
Жалт ете қап, жоқ боп кетіп, қорқыттың-ау сен.
Сол бір сәтте жас жанымды жараладың сен,
Неге мені бақытыңа баламадың сен.
Ауыр ойдың тереңіне бойламадың ба,
Әлде жаным, сол күндерді ойламадың ба?
Қоңыр күзде қоңыр кешті сағынбадың ба,
Жалт-жұлт еткен жылтыраққа арындадың ба?
Жапырақтың сыбдырына елеңдедің бе,
Баяғыдай кездесуге келем дедің бе.
Жоғалтқан бір асылыңа балап тұрдың ба,
Терезеңнен мені іздеп қарап тұрдың ба?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері