Фариза апайға
Бұл бетте «Фариза апайға» атты Бексұлтан Cолтанбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аппақ мөлдір сезімдеріңіз үшін,
сезімге беріліп, езілгеніңіз үшін,
көз ілмейтұғын төзімдеріңіз үшін,
дара тұлға боп көрінгеніңіз үшін –
біз Сізге бас иеміз!
Ақындық шабыт шаттықтарыңыз үшін,
толғана отырып, аптыққаныңыз үшін,
ақын жүректі пәктіктеріңіз үшін –
парасат тұтар ақтық арыңыз үшін –
біз Сізге бас иеміз!
Даналық әрбір жырларыңыз үшін,
ақылға толы сырларыңыз үшін,
халқыңыздың мақтаулы қызы -
Фариза болып тұрғаныңыз үшін
біз Сізге бас иеміз!
Шабыт отына жана беріңіз,
өмірден бақыт таба беріңіз.
Қазақ халқының ән-жыр бағына
жыршы бұлбұл боп дара қоныңыз!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі