Құбырлар
Бұл бетте «Құбырлар» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Денеңді алып құбырлар,
Құрсаулап жатыр құрсаулап.
Сезіммен ғана ұғынар,
Жыр саулап жатыр жыр саулап.
Гүл еткен, сені түлеткен,
Сексеуіл шоқты жүректер,
Ойнаған сом-сом білектер.
Құрлықта жүрер жолы бір,
Теңізбен сірә бір өткен.
Тербетіп жартас жағаны,
Сыңсиды мәуе бақ әні.
Бұхара «көліне» қосылып,
Құдіретім деп осыны ұқ.
«Көгілдір көлің» ағады.
Жаңартқан жасын картаны,
Тасқынды майың бар тағы.
«Достыққа» құйып жөңкіліп,
Еуропаға тартады.
Бұл өлкем жаңа әндердің,
Мекені құяр жанға нұр.
Завод – жүрекке жан берді,
Басталған сенен қан тамыр.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі