Әкімжан Төкеновке – Дихан Әбілев

Бұл бетте «Әкімжан Төкеновке» атты Дихан Әбілев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1843
Әкімжан, бауырым, жүрегім,
Ұзатып тұрмыз мәңгіге.
Өлімге қияр сені кім?!
Отырған сайрап әлгінде.
Төзімді ед жаның, кең еді,
Жүк тартқан нардай ал ыстан;
«Әкімжан қайда?»—дер едім,
Әлде бір неге тарықсам.
Жақсы еді-ау жанын, ешкімге
Ойламаушы ен жамандық.
Өмір бойы мол еді-ау,
Ақ жанында адалдық.
Розан бар артында,
Қосылған жастай жан жарың.
Азамат ұл-қыздарың, —
Бақыт құшқан арманың!
Ерте кеттің өмірден,
Ең қызықты шағында.
Сағынайық біз сені,
Сен бізді әзір сағынба!
Өзіңсіз атап отырмыз,
Сексеніңді бүгін біз.
Аруағыңды кұрметтеп,
Өтпекшіміз тіріміз.

1994 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкімжан Төкеновке өлеңінің авторы кім?

Дихан Әбілев — осы өлеңнің авторы.

Әкімжан Төкеновке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкімжан Төкеновке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дихан Әбілев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әкімжан Төкеновке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері