Белес-белес осынау, тауға айналған жал-құмдар – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Белес-белес осынау, тауға айналған жал-құмдар» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 850
Белес-белес осынау, тауға айналған жал-құмдар,
Тасып келіп бір кезде, қатып қалған толқындар.
Еркелесең баладай арқа сүйер орнықты,
Даласына өзінің тартып туған халқым бар.
Нұр жаңбырын төбемнен елжірейді құйып күн,
Өз көзіңнен аумаған жылылығы, сүйіктім.
Табиғатым дала ғой, таңданатын несі бар,
Даласы бар елдердің аспаны да биік тым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері