Торғай қаласы

Бұл бетте «Торғай қаласы» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3770
Көшелер-құрғақ өзен арнасындай,
Қала едің кәрі шуда нар басындай,
Ішіне оқиғаны тиеп-сықап
Тарихтың қойып кеткен арбасындай.
Құм басып иығыңды, ер кеудемен,
Көп үйлер көк сағымда көлбеңдеген,
Қартайып, жерге шөгіп жантайысқан
Түріңді аяушы едім көргенде мен.
Даланың маңдайында жалғыз шырақ
Секілді сол дәуірде алыс, жырақ.
Атамыз Алтынсарин салған мектеп,
Қалып ед қыр басында жалғызсырап.
Торғайдың даңқы қайта ұшқан шақта,
Сарбаздай атқа қонып тұрған сапқа,
Самсапты кең сарайлар мызғымайтын
Үстіне жүз ғасырды шығарсақ та.
Қарт Торғай қалғып кетіп, қайта оянып,
Тұрғандай өзіне-өзі аң-таң қалып.
Үй ғажап, тұрмыс түзу, көше тегіс
Дәуірге риза болып жатқан халық.
Жемістен салып ерлер жеріне өрнек,
Құлпыртып, ашты бағын енді көр деп.
Жарқырап жаңа Торғай тұр мақтанып: —
Е, бәсе, еңбегім бар еді ғой! — деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Торғай қаласы өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Торғай қаласы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Торғай қаласы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Торғай қаласы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері