Жан әкем – Гүлсана Тілеубекова

Бұл бетте «Жан әкем» атты Гүлсана Тілеубекова жазған әке туралы өлең берілген.

  • 02.05.2016
  • 0
  • 1
  • 12577
«Өмірден өткен Марқұм әкем Анарбектің рухына арнаймын»

Әкешім, жүзі жарқын, ашық күлген,
Пернесін кім жүректің басып білген.
Содан бері сізді ойлап мазасызбын,
Содан бері өзіңді, іздеймін мен.

Отбасымыз, қамқоршысы тірегі боп,
Жүрегімде қаласыз жан әкешім.
Содан бері сағыныш жанды меңдеп,
Содан бері сиқырлы, өрт өлеңім.

Даусыңызбен сол, менің есімдесіз,
Ой-санамды жаулаған не сыр менің.
Содан бері сіз жайлы жырлар жазып,
Содан бері сіз жайлы түс көремін.


Пікірлер (1)

Гүлім Дәулетов

Өте жақсы өлең жолдары молодец

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері