Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 787
Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім,
Талайды өкпелеттім, өкпеледім.
Ешкімге бақыт болып келмесем де,
Ешкімді сорлы етпесем деп келемін.
Жоқ тағы көркемдігім көзге ұратын,
Көргеннің көңлін жаулап, азғыратын.
Ешкімнің билігіне ұқсамайтын,
Бар менің өз арманым, өз мұратым.
Тумаса көкірегімнен әппақ айым,
Ешкімнің қызғанбаймын бақ-талайын.
Еріксіз біреу сырттан мақтамаса –
Менменсіп мен өзімді мақтамаймын.
Бір емес, бұл қазақтың бәрі де ақын,
Теңіз кім, айырмайсың – дария кім.
Өлеңнің жолдарына шын талапты
Жүзіне келер бүркеп ар-ұятын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері