Өлең, жыр, ақындар

Қасқыр аулаушылар қулығы және саразбан сабағы

  • 14.04.2019
  • 0
  • 1
  • 4487
Есугей елесі
Мен әкеңмін. Есугеймін...
Қатал-дүлей тағдырының қасіретіне қамалған.
Мен әкеңмін...
Әлде мүлдем өшірдің бе санаңнан?
Шыңғыс хан ( таңдана)
О, Тәңірім, өңім бе бұл, түсім бе?
Тұрғандаймын қалың тұман ішінде.
Тірлік неткен түсініксіз майдан бұл?
Қарттық ғұмыр тайғанақ па,
Нақ осылай, ойда-жоқта
Және тым кеш кездескенге қайранмын.
Бірақ, әке, саған өкпем кеп менің,
Нендей азап орманынан өтпедім...
Қандай қорлық, тоғыз жасар шағымда
Жел өтінде жалғыз тастап кеткенің...
(Қол созып, әкесіне жақындауға бейімделеді.)
Тоқта,
Тоқта, Темуджин,
Жақындама әкеңе,
Тағдырға тұлпар жете ме?
Өкпелейсің, тұрмадың деп күшінде,
Кінәлі еттің ерте өлгенім үшін де.
Өз жолынды өзің түздің сен бірақ.
Ә дегенде-ақ атанып "батыр ұлан",
Анаңның жатырынан
Екі бетің бал-бұл жанып, албырап
Оң қолыңмен қан уыстап шығып ең,- "Бұл не,
Әлде қанмен келген дәулет пе?"
Іштей қорқып, сонда біздің әулетке
Ең қанқұмар жан келгенін ұғып ем.
Гүл шағында-ақ мінезіңе қанқұмарлық дөп келді,
Сүйенуге жарап қалған туысыңды — Бектерді
Ерегісіп қайдағы бір түкке тұрмас балыққа
Қуып тықтың қара жерге — табытқа.
Бұдан кейін түк күмәнім қалмады,
Қанқор даңқын күллі әлемді самғады.
Әйтсе-дағы саған менің таңым бар -
Қалың жұрттың қайғысынан қордаланған бағың бар.
Жауың сенің тым көп еді, қара шыбын үймелетер көзіне,
Оларды сен қалай оңай бағындырдың өзіңе?
Шыңғыс хан
Негізінен, бұл күресте жеңгенім,
Әке,сенің еңбегің.
Менің сегіз жасымда,
Түк жоқ кезде басымда
Перзентіңді ойға бұрып орасан,
Қасқыр менен қарақұрттың ең осал
Мінездерін әңгімелеп бергенсің,
Қиялымды парасаттың шылбырымен өргенсің.
Ұлы қырғыз ол кесінде,
Ыстық көлдің маңында
Қарлы қыста, құзар таулар оранғанда ақ сағымға
Кәнігі хас аңшылар
Қасқыр аулар шағында
Қолданбайды ескі әдісті таптанды.
(Таптанды ойда жоқ арна).
Ол аңшылар ешқашанда қақпанды
Байламайды бұтаға не томарға.
Қасқыр қайсар мінезге бай, шектен шыққан намысқой,
(Кей жағдайда намысқойдың бағы кере қарыс қой).
Қалш-қалш етіп қасқыр бойын ыза буған кезінде
Мойындамас болат тісті қақпаныңның өзін де.
Күшпен жұлқып босанады...
Неткен өжет қандылық,
Бір аяғын қақпаншыға естелікке қалдырып.
Сондықтан да қу аңшылар әдіс ашқан басқаша,
Қақпанды орта ауыртпаққа мықтап байлап тастаса,
Қасқыр оны сүйреткенмен жүз құлаш жер — барары,
Тек үміті сөнбегенмен болашағы қаралы.
Бірте-бірте бейімделер тағдырға үнсіз көнуге,
Қолбасшының басты ерлігі - жау рухын жеңуде.
Енді сенің екінші бір маған шерткен әңгімең —
(Оны дағы ой-санама жазып алғам мәңгі мен)
Уы күшті қарақұртты саразбанның жеңуі,
Анық айтсақ, айласыздың айлалыдан өлуі.
Көп аяқты қу саразбан жігер-күшін тақымдап,
Сақтықпенен бірте-бірте қарақұртқа жақындап
Алдыменен бір аяғын жайлап созып көреді,
Ал қарақұрт лақ еткізіп лезде уын төгеді.
Қулық-сұмдық иірімі неткен мұнша көп еді?!
Екінші аяқ созылғанда уын қайта себеді.
Бірте-бірте қарақұрттың уы мүлде таусылар,
Бейшараның аңғалдығы өз тағдырын қаусырар.
Күші жоқтың ісі де жоқ, көзінде өлім ойқастар,
Қарақұртты қу саразбан төңкеріп сап жей бастар.
Шексіз билік болғанымен, әке, сенің арманың,
Саразбанның қулығынан неге тәлім алмадың?
Парасатсыз шығу қайда құзар даңқ тауына,
Өзің білген даналықты, әке, өзіңнің жауыңа
Қолдануға өрең жетпей, қарақұрттай сорладың.
Адамдардың осалдығын зерттемеген қолбасы —
Қолбасы емес, қателіктер, жеңілістер арнасы!



Пікірлер (1)

Мұхтар

Сөззіз керемет

Пікір қалдырыңыз

Алғыс айтып өтем саған

  • 1
  • 3

О бастан-ақ Мен Сен болғам,
Сен, әрине, Мен едің,
Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің.
Келер таңға қиял жалғап, сыр толғасып кей күн біз

Толық

Ерлер достығы

  • 0
  • 0

Қанаттыны қарынды
Жеңген заманда,
Сендей жаны дарынды
Серік табам ба?

Толық

Ұшақ үстіндегі ой

  • 2
  • 1

Шаңқай түсте,
Яки нұрлы ақ таңда,
Нән ұшақпен самғап бара жатқанда,
Көз салсаңыз төменге

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар