Шал алған қызға – Сұлтанмахмұт Торайғыров

Бұл бетте «Шал алған қызға» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 1
  • 14881
Қазірде құлағымда ащы зарың
Және де көз алдымда саңырау шалың.
Саңырауға сасық сақал келемеж боп,
Қапада жүргеніңнің білем бәрін.

Қөңілімде мұңыңды айтып ашынғаның,
Жоқ шығар тап сол жерде жасырғаның.
Өн бойың үзілгендей созылып кеп,
Ішінен пәуескенің асылғаның.

Ешкім жоқ мұңыңды айтар менен басқа,
Не өнді, құр жыладың жансыз тасқа,
Алдым деп төрт-бес қара мәз болып жүр,
Сөнбес өрт сала салып қыршын жасқа.

Бұл қайғы мені оңдырмас қоймағанда,
Оңдырар сені қалай ойлағанда.
Тұрмыстың сайлап салған саңырау шалы
Басыңды қайтер дейсің жоймағанда.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Аяулым

Жалғасы жоқпа??

Осы автордың басқа өлеңдері