Екі дүние жаннатында өлең бар
Бұл бетте «Екі дүние жаннатында өлең бар» атты Сағыныш Намазшамова жазған поэзия туралы өлең берілген.
Менің ғұмыр дерегімде өлең бар.
Туған Ақсу өзенімде өлең бар.
Өмірімнің өзегінде өлең бар,
Дүниенің кезегінде өлең бар.
Арман ару, гүл-бұрымда өлең бар,
Шашбаулардың сыңғырында өлең бар.
Мейірі мол Күн нұрында өлең бар,
Тұманданған түнгі мұңда өлең бар.
Көктем-көңіл шуақтарда өлең бар,
Қол бұлғаған қыраттарда өлең бар,
Мұнарланған жырақтарда өлең бар,
Жауабы жоқ сұрақтарда өлең бар.
Сәбилердің жөргегінде өлең бар,
Баба тілдің өрнегінде өлең бар.
Атар таңның көрмегінде өлең бар,
Татар дәмнің кермегінде өлең бар.
Ғашықтардың тағатында өлең бар,
Сағыныштың қанатында өлең бар.
Жүрек емі санатында өлең бар,
Екі дүние жаннатында өлең бар.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі