Арқаңның ауруы не қозбайтұғын
Бұл бетте «Арқаңның ауруы не қозбайтұғын» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақыл — тон, андағанға тозбайтұғын,
Ғылым — кен, күнде өніп қоздайтұғын.
Иелік екеуіне еткендердің
Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын.
Адамды әрлі-берлі үйірілдіріп
Сияқты тұрмыс - толқын қозғайтұғын.
Өнер мен кен — ғылымға уақытың барда,
Себеп не сыбанып қол созбайтұғын.
Қатарың қалмай шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын?!
Көшке ермей, өз бетінше қаңғалаған,
Ботадай боз тақырда боздайтұғын.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі