Абайды оқығанда – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Абайды оқығанда» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 1
  • 4917
Артында атақты ердің қалса сөзі,
"Өлді" деп ойламаймын оның өзі.
Қисынсыз кедергінің керегі не,
"Базарлап" болғаннан соң қайтар кезі.
Ерлердің ертедегі өтіп кеткен
Әлі жүр халық аузында алтын тезі.
Абайдың айтқандарын оқығанда
Болады: "Бәрінің де бар, - деп, - көзі".
Өлген соң оған біз де "қауышармыз",
"Ұйықтасын" торқа болып киген бөзі.
Ойланып осы сөзге түсінгендер
Сүйінер сойдырғандай бағлан қозы.
Татауы қайбір кәптің тарқамайды,
Нәрсенің болмағандай қойған тозы.
Алғанмен, көрінбейді қолға бірақ
Асылдың қараңғыда ақ пен бозы.

1910


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Жасұлан Ержанов

Тұрмағамбет атамыз мықты жазған!

Осы автордың басқа өлеңдері