Бұл бетте «Ой» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ой терең ойнар нәқән теңізден де,
Тың тұрған тіл сүзеген өгізден де.
Нәқәннан нар жұтатын нәпсің жаман,
Қанағат қылмайтын аз жегізгенге.
Игеріп осыларды ала алмасаң,
Ерлерім, ауруыңа ем ізденбе.
Дос тұтып, дүниенің ерме ізіне,
Кемді күн "дәулетін - ай!" дегізгенге.
Сағымнан — су табылмас, мұнан — опа,
Кергенмен кеулің жақын егізден де.
Онан да оны қойып туралық қыл,
Нық тұтып ниетіңді негізден де!
Пайда не патша болып тақ мінгеннен,
Жай таппай жалтақтасаң сегізден де.
1910
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі