Бұл бетте «Өнер бәйгесі» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақылсыз нені аңғарар көз болғанмен,
Кім тыңдар өтірікті сөз болғанмен.
Қалғансың жалыны өшіп, шоғы сеніп,
Қазанды қайната алмас, қоз болғанмен.
Гауһар тас екен деп тастап кетер,
Жаманға жол үстінде кез болғанмен.
Басатын бабын тауып, болмаса ұста,
Қисықты кім түзетер тез болғанмен?!
Шын шебер ділдә орнына өткереді
Өнерлеп өте порас жез болғанмен.
Шаңғытта шамаң келсе қала бермей,
"Ой" атты ойнақтатып өз жорғаңмен!
1910
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі