Бұл бетте «Ұядан ұшқанда» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Пайда көп өмір сүрсең, өнерінде,
Нәрсе жоқ өнетұғын өлерінде.
Ойыңа тіпті өлмейтін сияқтысың,
Әр жаққа ақылыңды бөлерінде.
Тіріңде тіршілік қып тырбанасың,
Жаһанға жаратылып келерінде.
Ұшқанда алар аңың сол болады:
Ұяңнан нені көрсең, өрерінде.
Пайда жоқ ойға түскен өкініштен,
Әр істі алдындағы көрерінде.
Кетпейсің қолыңа алып еш нәрсені
Күні ертең көз жұмылып жөнерінде.
Түйедей тиын көзге көрінеді,
Қарызыңды қиындықта төлерінде.
Сөз қалдыр соңғыларға, сынап көрсін
Сарқылып, шамдай, Төке, сөнерінде.
1910
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі