Таусылмас кен – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Таусылмас кен» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2153
"Болады тыныштыққа — не нәрсе тең?" —
Деп әр кез ойлана сен беретін ең.
Түзейтін тұрмысыңды түпкілікті,
Тұтынар сол емес пе — керегің ең?!
Басқаның, байқағанда, бәрі бекер,
Татулық қолға түссе — таусылмас кен!
Дос-жарың татулығын тасалатып,
Берсе де ырза болма сыйлау мен шен.
Жабыдай жемге тойған желіктіріп
Ойынды ойнақтатпай, осыған сен!
"Жоқ қой, — деп, — жүз айтқанмен мұнда қате",
Қолымды қалайда да қоямын Мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таусылмас кен өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Таусылмас кен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таусылмас кен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таусылмас кен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері