Бұл бетте «Отырма уайымсыз ажал барда» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Отырма уайымсыз ажал барда,
Бойында, пенделік қыл, мажал барда.
Дариясы дін - исламның ағып жатыр,
Шомылып кір-қоңыңнан тазар, бар да.
Әкел деп азығыңды Алла айдаған,
Пенденің барлығында базар бар да.
Ұрлатып көптер пұлын құр қол қайтар,
Аңқиып әр нәрсені назарларда.
Сұлудай сұңқар мойын сені де алдар,
Қар дүние өзін-өзі ажарлар да.
Сақ болып, сайманыңды ал түгендеп,
Көп сені көмбей тұрып мазарларға.
Азсынбай, аға-інім, аңғарсаңдар,
Бұл айтқан бар ғибрат ғазалдарда.
1912
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі