Шамдай бол түн пердесін ашатұғын – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Шамдай бол түн пердесін ашатұғын» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2795
Шамдай бол, түн пердесін ашатұғын,
Жердей бол, бар мақұлық басатұғын.
Басыңа бақыт қонып, дәулет бітсе,
Жан-жаққа дариядай бол тасатұғын.
Халыққа қай уақытта қамқор болып,
Тудай бол, тұра дұшпан қашатұғын.
Үйреніп өнер, ғылым бол адамдай,
Айнала әтір суын шашатұғын.
Күтініп кеуіліңе болып отыр,
Керуендей күні ертең асатұғын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері