Маза жоқ майыңда да тұз болмаса
Бұл бетте «Маза жоқ майыңда да тұз болмаса» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Маза жоқ майыңда да, тұз болмаса,
Көркеймес көңілің ұл мен қыз болмаса.
Алысқа, арып-ашпай, бара алмайсың,
Көнеден келе жатқан із болмаса.
Болмайды бас-аяғың тіпте бүтін,
Үйінде ине - созан, біз болмаса.
Еккенің өнбей қалып, өкіренсің,
Жерінде жаңбыр мен су, сыз болмаса.
Мұқтажың туысқаннан түгелденер,
Өкпелеп өкпе, бауырың мұз болмаса.
Туымды ер тоқсанда да толқымайды,
Жұттай-ақ жұртты құртқан жүз болмаса.
Қадірін қонған бақтың білмейді ешкім,
Тарығып, тартып мінажат, мыж болмаса.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі