Бұл бетте «Артқы өмір аңлауымда түс сияқты» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өмір туралы өлең берілген.
Артқы өмір, аңлауымда, түс сияқты,
Алғы өмір қолға қонған құс сияқты.
Тілләға тірілікті балағанмен,
Болады бара-бара мыс сияқты.
Жігіттік жазды күнгі жайнаған гүл,
Қартаңдық - қатырған су қыс сияқты.
Қаратпай алды, артына әкететін,
Сұм өлім сумаңдаған күш сияқты.
Қалады қаметінде қаупі өлімнің,
Құрт түбін кеулеп қойған тіс сияқты.
Дүниенің опасызын ойлағанда,
Керексіз көрген дәуір іс сияқты.
Көп аса көзді жұмып кеуіп, іспей,
Күн бұрын болу керек "пыш" сияқты.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі