Тар замана – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Тар замана» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1704
(Тұтқында отырып Мақан Шынәлиевке жазғаны)

Ей, Мақа, сау ма денің, уақытың хош па?
Арзумын жолығуға сіздей досқа!
Уәләкін үстімізден қарайтындар,
Жібермейді жалынғанмен бір дем босқа.
Сол себеп жанабыңа жазып сәлем,
Қадірдан Қошекеңді еттім почта.
Ініңнің ықыласына ырза болып,
Сөзіне осы барған көңіл қоста.
Асықпай, апта жатып үйіңізде
Кетер ем кеңшілікпен, қолым боста.
Тағдырдың тақсымына кездескендей,
Болып тұр әзірінше бір жол тоспа.
Таланға тар замана ұшырасып,
Зерттеп ізімде жүр ит пен шошқа.

1930


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері