Бұл бетте «Алғаным төрт жүгері толық айып» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алғаным төрт жүгері толық айып,
Айыбымды өзім де айттым жұртқа жайып.
Тең көрмей төртеуін де айыптының,
Маржаның шұқырына қалдың тайып.
Көңілді күліп-ойнап көтермесек,
Не бітеді отырғанмен құр мұңайып?
Болғанмен жасың кіші, жұртты жөндеп,
Әкімге әділетті болдың найып.
Шамалы сол себептен сөз айттым, інім,
Қалсын деп тамашаға ел-жұрт байып.
Жақтырмай жазып жауап назымменен,
Тастадың жүрегімді жүдә шайып.
"Бай болады к...н қысқан" дегендей - ақ,
Сен жықтың осы ретте, мен болдым майып.
Келтірме кеуіліңе інім оны-мұны,
Көңіліңе: "Кеттің - ау, - деп, - адырайып!".
Аяғын осы араға тоғарайын,
Кейірсің, кетсе сөзім тағы ұзайып.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі