Саламат жатырсың ба жолдас Абат
Бұл бетте «Саламат жатырсың ба жолдас Абат» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Саламат жатырсың ба, жолдас Абат,
Салынған түрме ішінде неше қабат.
Жүйрікке жүзден озған сейістер де,
Суытып, сылап-сипап жабу жабады.
Келтіріп күйіне анық алғаннан соң,
Бәйгіге, таң айырта, тағы шабады.
Ақ көңіл, ашық жүзді әр қалайда,
Сыпайы ең сияқтанған сөзі набат.
Сондықтан тілектеспіз "болғай да, - деп,
Бостандай бұлбұл сайрар салқын сабат".
Кемді күн кемшілікті көргенмен ер,
Кендіктің кешікпей-ақ кенін табады.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі