Тұрмағамбет пен Сәнбала
Бұл бетте «Тұрмағамбет пен Сәнбала» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тұрмағамбет:
Алтайы көз алдымда, көрдім түлкі,
Боларын біле алмадым кімнің мүлкі.
Қуғанмен, қолға түспей, қалсам босқа
— Сақтандым: "Болармын, – деп, – жұртқа күлкі".
Сәнбала, сол туралы серлеттім сыр,
Сенде тұр бұл мүшкілдің ашсаң, кілті.
Сәнбала:
Алтайы қарсы алдыңнан қашса тұрып,
Қалайша ұмтылмайсың алмасқа ұрып?
Қуғанмен жете алмасаң, кінә өзіңнен,
Шараң не, қалған болсаң діңкең құрып.
Онан да өз жөніңмен жүре бермей,
Қайтесің жан-жағыңа мойын бұрып.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі