Бұл бетте «Бағдаршам» атты Кәдірбек Құныпияұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
23.04.2019
0
0
4603
Торабында жолдардың,
Өте алмай қап, дағдарсаң,
Жолаушыны қолдар шын
Белгі беріп бағдаршам.
– Тоқта! – дейді қызылы,
– Сақтан! – дейді сарысы.
Жасыл жанса – тізіліп,
Өтер бәрі жарысып.
Көрсетеді тура жол
Көліктерге неше мың.
Бағыт нұсқап тұрған ол
Көсеміндей көшенің.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі