Сықырлауық
Ауызғы керегемен қосақтағы –
Есігі киіз үйдің қос ашпалы.
Айқара ашылады қонағына,
Секілді қазақтардың құшақтары.
Бұл есік – әлемдегі бақытты есік,
Және де есік емес ашық-тесік.
Күніне қырық қонақ қабылдап ап,
Тұрғаны жақсылармен несіптесіп.
Қырықтың бірі келер Қыдыры боп,
Көрсетіп үй ішіне жылы жүрек.
Күзетер қос періште босағасын,
Сондықтан бұл есіктің құлыбы жоқ.
Бір шеге бұл есікке қағылмаған,
Жабысқақ желім-мелім жағылмаған.
Босаға, табалдырық, маңдайшасы
Қиысып, бірін-бірі қабылдаған.
Топсасы табалдырық, маңдайшада,
Келтірген келістіріп қандай сән, ә?!.
Ойылған ұяшыққа дәлдеп салып,
Үйші ісі кемел шыққан, болмай шала.
Төр жаққа бұл есіктен нұр есіпті,
Сол нұрдан халық бақыт тілесіпті.
Сиқырлы сықыр үні болғаннан соң,
Деп атар «сықырлауық» бұл есікті.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі