Барып келді ауылға

Бұл бетте «Барып келді ауылға» атты Болат Үсенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1947
Бәйшешектей бүр жарған,
Көңілінде нұрлы арман.
Жүрген Абыл ауылды
Көріп теледидардан.

«Ағып тұр ғой құбырда,
Ыстық, суық суың да.
Әуреленеді от жағып,
Дайын тұр ғой жылу да, -

Отыратын есінеп, -
Су тасиды, несі?» - деп.
Таңданыпты бекерге,
Ұқты бәрін кешірек.

Абыл - бала қалалық
Ашты өзіне жаңалық.
Бірер күнге ауылға
Қайтқаннан соң демалып.

Тұрар бәрі күлімдеп,
«Кеп қалыпсың, інім!» - деп.
Егін егіп, мал баққан
Ауылда сол тыным жоқ.

Дәстүрің де, салтың да
Сақталған пәк қалпында.
Шежіреңді шертетін
Аталар бар нар тұлға.

Неше түрлі сый көрді,
Тай мінуді үйренді.
Ауыл азық өндіріп,
Асырайды күллі елді.

Ет те неткен көп еді,
Жылы-жұмсақ жегені.
«Мына бала» - деген жоқ,
«Құда бала» - деді оны.

Тамашалап өнерін,
Дос та тапты не керім.
Тұнып тұрған қазына
Екен ауыл дегенің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барып келді ауылға өлеңінің авторы кім?

Болат Үсенбаев — осы өлеңнің авторы.

Барып келді ауылға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барып келді ауылға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Болат Үсенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барып келді ауылға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері