Өлең, жыр, ақындар

Жақсы күн

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Маңдайымнан сүйді әжем,
Күндей жайнап, тұр күлімдеп:
«Тойлап жатыр күллі әлем,
Мерекеңмен, құлдығым!» – деп.

Бала біткен шат-шадыман,
Күлкі көмген саябақты.
Тау суындай ақтарылам,
Көңілім шалқып бара жатты.

Айналамда қызық толған,
Тегін сауық, тегін көлік.
Көше, бақта құрып сайран,
Қайттым үйге көңілденіп.

Әлпештеген ұлы Отаным
Қорғап мені түлетеді.
Бақытты боп бала шағым,
Қадамыма гүл өседі.

Жолықты арман түсімдегі,
Ұштым көкке самғап бүгін.
Он екі айдың ішіндегі
Балалар күні – ең жақсы күн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсы күн өлеңінің авторы кім?

Болат Үсенбаев — осы өлеңнің авторы.

Жақсы күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жақсы күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Болат Үсенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсы күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері