Жігіт болдым – Болат Үсенбаев

Бұл бетте «Жігіт болдым» атты Болат Үсенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1758
Тентектігім тыйылды,
Бүлдірмеймін бұйымды.
Әпкем маған үйретті
Төсек-орын жиюды.

Дейді маған: «Ерінбе,
Жаман болып көрінбе!»
Оқушы боп үлгілі,
Ие болдым сенімге.

Айтып ертек, тақпақты,
Қайталатып, жаттатты.
Деп қояды әжем де:
«Адам бола бастапты».

Әбес кетсем ұрсады,
Дүкенге де жұмсады.
Әпкем жақсы көреді
Балаларды ынталы.

Алып келге жарадым,
Барып келге жарадым.
Әжем мақтай бастаса
Делдиеді танауым.

Риза боп неше жұрт,
Қалдың дейді есейіп.
Шашылғанды жинаймын,
Жердегіні көтеріп.

Ағалықтың бұл алды,
Еркелікті іні алды.
Ақыл айтпақ болып ем,
Маған тілін шығарды.

Жетелейді алға күн,
Тауысылмайды арманым.
Жеті жасқа толғаным –
Ептеп жігіт болғаным.

Жуысамын еденді,
Шәкірт болдым мен енді.
Мектепке егер бармасам –
Көрсетер ем «өнерді».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігіт болдым өлеңінің авторы кім?

Болат Үсенбаев — осы өлеңнің авторы.

Жігіт болдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігіт болдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Болат Үсенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігіт болдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері