Жүрегімнің бөлшегі – Болат Үсенбаев

Бұл бетте «Жүрегімнің бөлшегі» атты Болат Үсенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 1
  • 5574
Қаның, жаның – тіліңде,
Арың, нәрің – тіліңде,
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.

Ана тілің – ертегің,
Ана тілің – өркенің,
Ана тілің – ертеңің.
Қадірле ана тіліңді –
Жүрегіңнің бөлшегін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

ӘДЕМІ

Өте керемет өлең

Осы автордың басқа өлеңдері