Бақыт жыры – Сейфолла Оспан

Бұл бетте «Бақыт жыры» атты Сейфолла Оспан жазған бақыт туралы өлең берілген.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2913
Кілемдейін құлпырады
Тербетілген даламыз.
Кеудемізде күн тұрағы,
Алау оттай жанамыз.

Бақыт нұры аймалаған,
Бал-бұл жанған баламыз.
Гүл тереміз сай-саладан
Мекендеген бабамыз...

Күмбірлеген күй бұлағы,
Айналаның бәрі аңыз.
Жел бесікте жыр тұнады,
Шырқап-шырқап аламыз


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері